Қазақстаннан Грузия бағытына қарай жаңа әуе рейсі ашылды


19:27, 15 желтоқсан 2025

Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейтіп, халықаралық рейстер санын арттыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

15 желтоқсанынан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Шымкент – Тбилиси бағыты бойынша Грузияға жаңа әуе бағытын іске қосты.

Рейстер аптасына 2 рет — дүйсенбі және жұма күндері — «Boeing 737 MAX 8» және «Boeing 737–800» типті әуе кемелерімен орындалады.

Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтіледі.

Айта кетсек, Атырау облысында Қытайдан келген турист жергілікті полицейлер жайлы ойымен бөліскен болатын.