Алматыда пойызда 52 адам уланды: қылмыстық іс қозғалды


17:24, 11 желтоқсан 2025

Алматы-2 теміржол вокзалында болған жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы («Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық іс тіркеген.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды».Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы пойызда 52 адам уланғанын хабарлаған едік, оның 10-ы — бала, 2 бүлдіршін реанимацияда жатыр.