16:01, 10 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 желтоқсан күндері Түрікменстанға барады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда таратқан ақпараттан белгілі болғандай президент онда Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысу үшін барады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 желтоқсан күндері Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, сондай-ақ Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына барады»,- делінген ақпаратта.






Leave a Reply