10:02, 10 желтоқсан 2025
Үкімет 2025 жылғы 4 желтоқсандағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне түзетулер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Регламент жаңа тармақпен толықтырылды.
Онда былай делінген:
Мемлекеттік органдарға жаңа функциялар беру, сондай-ақ оларды өзгерту, толықтыру немесе алып тастау көзделетін жобалар мемлекеттік органдар функцияларының тізілімін пайдалана отырып, «Мемлекеттік жоспарлау (бюджеттік жоспарлау)» ақпараттық жүйесінде талдау жүргізілгеннен кейін әзірленеді.
Қаулы 2025 жылғы 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді.






Leave a Reply