16:13, 8 желтоқсан 2025
2025 жылғы 7 желтоқсанда қазақстандық мәдениет қайраткері Қанат Айтбаевтың туған күні болды. Осы маңызды мерекемен оны жұбайы Светлана Айтбаева құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің анасы жан-жарын өзінің Instagram парақшасында құттықтады. Светлана Айтбаева жұбайымен бірге түскен суретін жариялап, онда алқызыл жүрекпен өзінің қысқа да нұсқа құттықтауын қалдырды.
«Туған күніңмен!»
Сурет: Instagram/sveta_aitbaeva73
Бұдан бөлек, құттықтауға Димаш Құдайбергеннің әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері қосылып, ізгі-тілектерін білдіріп жатты.
Мәселен, латвиялық Dears парақшасы әншінің отбасылық суреттер топтамасын ұсынған.
Ал, бразилиялық жанкүйерлер отбасылық кадрларді жинақтап, бейнеролик жасаған.






Leave a Reply