«Нарынқол» шекара заставасында әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты


14:53, 6 желтоқсан 2025

2025 жылғы 6 желтоқсанда Алматы облысындағы «Нарынқол» шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шықты. Салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды:

«Өрт ТЖД күштерімен сөндірілді. Төтенше жағдайдың салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Шекара қызметі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл білдіреді».

Марқұмдардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетіліп жатқаны да нақтыланады.