Астанада жаңа автобус бағыты іске қосылады


17:36, 5 желтоқсан 2025

Астанада 2025 жылғы 6 желтоқсанан бастап №75 жаңа автобус бағыты жүре бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, ол «Нұрлы жол» теміржол вокзалы – «Күйгенжар» тұрғын алабы бағытында қатынайды.

Сурет: Instagram/cts_kz

«Бұл бағыт Күйгенжар және Мичурин тұрғындарын теміржол вокзалымен байланыстырып, №112 мектеп пен С. Шәймерденов көшесі маңындағы көлік қолжетімділігін жақсартады», — делінген ақпаратта.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Желтоқсан көшесінде BRT желісі іске қосылатынын хабарлаған едік.