22:22, 4 наурыз 2025
Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы прокуратураның үйлестіруімен жедел іс-шара өткізді. Нәтижесінде Ақтау қаласының тұрғынынан бірнеше тыйым салынған заттар табылып, куәгерлердің қатысуымен тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олардың ішінде 20 түп қарасора, үш жарық шамы, екі желдеткіш, ыдысқа құйылған сұйықтық, электронды таразы, компрессор, есірткі затын тұтынуға арналған қолдан жасалған құрылғы бар.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.






Leave a Reply