10:19, 4 желтоқсан 2025
Энергетика министрі 2025 жылғы 28 қарашадағы бұйрығымен электр энергиясына арналған шекті тарифтерге толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, жаңа энергия компаниялары үшін шекті тарифтер бекітілді:
- 64-топ – 1 кВтсағ үшін 30,02 теңге;
- 65-топ – 1 кВтсағ үшін 30,20 теңге;
- 66-топ – 1 кВтсағ үшін 29,65 теңге.
Бұйрық 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін энергия өндіруші ұйымдар тізімі жаңа компаниялармен толыққан болатын:
«Sintra Energy» ЖШС (64-топ), «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС (65-топ) және «Aktobe Energy Gaz» ЖШС (66-топ).
Осыған байланысты жаңа нарық субъектілері үшін тиісті шекті тарифтер белгілеу жоспарланған еді.






Leave a Reply