Астанада 100 млн теңгенің есірткісі тәркіленді


20:11, 4 наурыз 2025

Астанада есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері мемлекеттік күзет қызметімен бірлесіп, 24 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тінту барысында оның пәтерінен ірі көлемдегі есірткі мен оларды сатуға арналған құрал-жабдықтар табылды.

Сурет: polisia.kz

Тәркіленген есірткілердің қара нарықта жалпы құны 100 миллион теңгеден асады.

Сурет: polisia.kz

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.