Қазақстанға қар, жаңбыр және боран жақындап келеді


18:19, 2 желтоқсан 2025

«Қазгидромет» РМК мамандары 2025 жылдың 3 желтоқсан, сәрсенбі күніне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, республика аумағының кей бөліктерінде қолайсыз ауа райы күтіледі.

«Қазақстанның оңтүстік-батысында, солтүстігінде, түнде орталығында, күндіз шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады, солтүстік пен шығыста – жаяу бұрқасынмен қатар жүреді», — деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Елдің қалған өңірлерінде антициклонның әсері сақталып, жауын-шашынсыз ауа райы болжануда.

«Республика бойынша тұман, көктайғақ, ал оңтүстік-шығыста желдің күшеюі күтіледі», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.