Шри-Ланкада табиғи апаттан 300-ден астам адам қаза тапты


11:34, 1 желтоқсан 2025

Тропикалық «Дитва» циклоны Шри-Ланкаға соққы беріп, 334 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The New Indian Express басылымының жазуынша, шамамен 400 адам із-түссіз кеткендер тізіміне енгізілген.

«Дитва» циклоны тудырған су тасқыны мен көшкін салдарынан қаза тапқандар саны күрт өсіп, 334 адамға жетті», – деп мәлімдеді Табиғи апаттардың салдарын жою агенттігі.