Бірнеше дүркін чемпион Мадина Астамирова Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының бірінші вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы федерацияның 2025 жылғы 6 ақпандағы мәлімдемесінен белгілі болды.
Мадина Астамирова — ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан рекордшысы.
Сондай-ақ, спортшының келесідей жетістіктері бар:
- 2010 жылғы қыздар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері,
- 2011 жылғы қыздар арасындағы Азия чемпионы,
- ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі (2009-2013 жж.);
- ҚР Олимпиада құрамасының мүшесі (2012-2014 жж.).
2023 жылдан бастап Федерацияның Бас хатшысы қызметін атқарды.
Бұған дейін Тимофей Скатовтың Үндістандағы турнирдің екінші айналымына өткендігі хабарланған болатын.






Leave a Reply