Шынар Ақпарова Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды


20:50, 28 қараша 2025

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Шынар Қуанышқызы Ақпарова оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылы 28 қарашада Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Шынар Ақпарова 1972 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Целиноград қаржы-экономикалық техникумын, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

  • 2001–2010 жылдары — орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, №135 Атасу негізгі мектебі, Атасу стансасы.
  • 2010–2011 жылдары — әдіскер, Қарағанды қаласының №26 кәсіптік лицейі, Қарағанды қаласы.
  • 2011–2012 жылдары — аға әдіскер, Қарағанды облысы әкімдігі Қарағанды облысы Білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК, Қарағанды қаласы.
  • 2012–2013 жылдары — жетекші маман, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қарағанды облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімі, Қарағанды қаласы.
  • 2013–2018 жылдары — бас маман, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қарағанды облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімі, Қарағанды қаласы.
  • 2018–2020 жылдары — ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Қарағанды облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы, Қарағанды қаласы.
  • 2020–2023 жылдары — ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қарағанды облысы Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары.
  • 2023–2025 жылдары — ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қарағанды облысы Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы.
  • 2025 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін Әлия Рүстемова денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған болатын.