11:13, 27 қараша 2025
Гонконгтағы Wang Fuk Court тұрғын кешенінде сегіз ғимаратты шарпыған өрт шықты. Біршама тұрғын мен жүзден астам жануар ғимарат ішінде қалып қойған. Әкімшілік басшысы Джон Лидің айтуынша, 36 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
South China Morning Post басылымының жазуынша, шамамен 700 адам эвакуацияланып, уақытша орналастыру орталықтарына жеткізілген.
«Джон Ли өрт салдарынан 36 адамның қаза тапқанын, 279 адаммен байланыс орнатылмай жатқанын, 29 адамның ауруханаға жеткізілгенін, олардың жетеуі ауыр халде екенін айтты», – делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, ол қаза тапқандардың саны әлі де өсуі мүмкін екенін жасырмады.
Өртті сөндіруге 140-тан астам өрт сөндіру көлігі мен 800-ден аса маман жұмылдырылғаны белгілі болды.
BREAKING: The death toll has risen to 36, with 29 people hospitalized, and at least 279 people missing after a massive fire engulfed several high-rise residential towers in Hong Kong’s Tai Po District.pic.twitter.com/qXoVr0uyTI
— Volcaholic
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:






Leave a Reply