Спутник әлемде бір уақытта болған тайфундардың рекордық санын тіркеді


12:08, 3 наурыз 2025

АҚШ-тың Ұлттық Мұхиттық және атмосфералық әкімшілігіне тиесілі NOAA-20 аппараты тайфундардың рекордтық санын көрсететін кескін алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

26 ақпанда NOAA-20 спутнигінің VIIRS (Visible Infrared Imaging Radiometer Suite, «көрінетін инфрақызыл кескіндерге арналған радиометрлер жинағы») құрылғысымен түсірілген суретте бес тайфун бейнеленген.

Сурет: NASA Earth Observatory

«Альфред», «Серу» және «Бьянка» тропикалық циклондары Австралия жағалауында тіркелді, ал олардың Үнді мұхитындағы «көршілері» – «Хонд» және «Гаранс» Маврикий мен Мадагаскар арал мемлекеттеріне жақындап қалды.

Тропикалық циклон маусымы әдетте оңтүстік жарты шарда қарашадан сәуірге дейін созылады.

Бұған дейін Индонезияда жойқын жер сfілкінісі болғандығы хабарланған болатын.