Алматыдан 122 шақырым жерде жер сілкінісі болды


12:16, 3 наурыз 2025

Қазақстандық сейсмологтар Астана уақытымен 11:05-те жер сілкінісін тіркеді. Мамандардың айтуынша, ол Алматыдан 122 шақырым жерде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қазақстанның сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы хабарлады.

«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 122 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9. магнитудасы MPV – 4,3», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстанда жер асты дүмпулері сезілмегені айтылды.

Индонезияның Серам аралында 5,4 балдық жер сілкінісі болды. Ықтимал құрбандар мен қираулар туралы мәлімет жоқ.