23 қарашада кешқұрым Алматы облысында жер сілкінді


13:45, 24 қараша 2025

Алматы облысында 23 қарашада магнитудасы 3,7 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қазақстандық деректер орталығы мәлімдеді.

Таратылған ақпарға сүйенсек, дүмпу Астана уақыты бойынша 23 қарашада 18:12-де тіркелді. Зілзаланың эпицентрі Жалаңаш ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км-де орналасқан.

Бұған дейін Грекиядағы жойқын зілзала толқындары Түркияға дейін сезілгенін жазғанбыз.