Алматыда 300 тоннаға жуық өнім ұсынылатын жәрмеңке өтеді


16:15, 21 қараша 2025

Алматыда Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының тауар өндірушілері қатысатын кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде жалпы көлемі 300 тонна болатын 50-ден астам түрлі өнім ұсынылады. Оның ішінде:

  • ет өнімдері – 80 тонна,
  • жеміс-жидек және көкөніс – 80 тонна,
  • сүт өнімдері – 40 тонна,
  • өзге де тауарлар – 100 тонна.

Жәрмеңке 22-23 қараша күндері сағат 08:00-17:00 аралығында Қазыбек би көшесінде, Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі аумақта өтеді.