Қазақстан қоржыны тағы бір қола медальмен толықты


22:16, 20 қараша 2025

Қазақстандық Эльмира Сыздықова Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдер күресінен ұлттық құрама өкілі 76 келіге дейінгі салмақта қола медаль алды, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Үшінші орын үшін өткен кездесуде Сыздықова Түркия өкілі Эльмира Ясинді жеңді.

Бұған дейін әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Ирина Казюлина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.