15:24, 20 қараша 2025
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2025 жылғы 20 қарашада Сенаттағы брифингте 2026 жылы зейнетақы тек 10%-ға ғана өсірілуінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер зейнетақыны келер жылы неге тек 10%-ға арттыру жоспарланып отырғанын, ал инфляция бұдан жоғары болуы мүмкін екенін сұрады.
«Біз орташа инфляция деңгейі 9–10% болады деп болжам жасадық, сондықтан индекстеуді 10% ретінде бекіттік. Бүгінгі таңда бұл біздің бюджет мүмкіндіктеріне байланысты», – деді Серік Жұманғарин.
БАҚ өкілдері «қосымша қарастыру болуы мүмкін бе?» деп сұрағанда министр зейнетақыны қайта қарау жоспарланбағанын атап өтті. «Көтеру болмайды, 10% сол күйінде қалады. Бұл көрсеткіш бюджетке енгізілген», – деді ол.
Еске салайық, 2025 жылғы 19 қарашада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының өзекті мөлшерін жариялаған болатын.






Leave a Reply