нелер қымбаттады және қаншалықты өсті


2025 жылғы ақпанда тұтыну бағаларының айлық индексі 1,5% құрады (2025 жылғы қаңтарда – 1,1%). Ақылы қызметтер – 2,1%, азық-түлік тауарларының бағасы – 1,5%, азық-түлік емес тауарлар 1% өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында төлемақы келесідей өсті:

  • суық суға – 29,2%,
  • орталықтан жылытуға – 6,2%,
  • ыстық суға – 5,3%,
  • домофонға – 4,7%,
  • электр энергиясына 1,8%.

Мұнымен қоса, монша қызметтері – 2,1%, дәрігерге алғаш қаралу қызметтері – 1,9%, шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері 1,3% қымбаттады.

Азық-түлік тауарларына бағаның өсуі:

  • қиярға – 12,7%,
  • қырыққабатқа – 12,3%,
  • картопқа – 16,4%,
  • қызанаққа – 6,1%,
  • қызылшаға – 5,1%,
  • лимонға– 4,9%,
  • сиыр етіне – 3,7%,
  • сарымсаққа – 3,2%,
  • картопқа, жүзімге – 3,1%,
  • күнбағыс майына – 3 %,
  • алмаға – 2,7%,
  • қой етіне 2,3%.

Бағаның төмендеуі апельсинге – 2,2%, күрішке – 1,4%, жұмыртқаға – 1,2% қарақұмық жармасына 1% байқалды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында тұрмыстық бұйымдарға баға 2,5%, автомобильдерге – 1,3%, құрылыс материалдарына – 1,1%, киім мен аяқ киімге 1% өсті. Баллондағы сұйытылған газ 10,5% қымбаттады.

Өңірлер ішінде ең жоғары айлық инфляция Астана қаласында – 2,9% (орташа республикалық деңгейден 1,4 п.т. жоғары), ең төмені Абай және Қызылорда облыстарында – әрқайсысында 0,7%-дан тіркелді.

Сурет: stat.gov.kz

Өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарларының ең жоғары бағасы Шымкент қаласында 3%, азық-түлік емес тауарлар – Маңғыстау облысында 2,5%, ақылы қызметтер – Астана қаласында 4% өсті.

Сурет: stat.gov.kz

«2025 жылғы ақпанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 9,4% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы – 14,1%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 8,7%, азық-түлік тауарларының бағасы 6,5% жоғарылады»,- делінген ақпаратта.

2024 жылғы ақпанмен салыстырғанда:

  • суық суға тарифтер – 70,7%,
  • электр энергиясына – 21%,
  • орталықтан жылытуға – 18,2%,
  • су бұруға – 17,3%,
  • ыстық суға – 14,5%,
  • тарату желілері бойынша тасымалданатын газға – 13,2%,
  • қоқыс шығаруға 11,1% жоғарылады.

Теміржол жолаушылар көлігінің қызметтері – 20%, ұялы байланыс қызметтері – 19,5%, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері – 18,4%, сәлемдемелер жіберу – 17,7%, дәрігерге алғашқы қаралу қызметі 15,5% қымбаттады.

Ноутбуктің бағасы – 67,2%, ас үй пеші – 55,4%, сымсыз құлаққаптар – 47,7%, планшет 46,8% қымбаттаған. Бағаның өсуі корвалолға – 33,2%, канефронға 26,9% байқалды. Азық-түлік ішінде картоп – 62,1%, пияз – 27,3%, қырыққабат – 20,2%, сарымсақ – 18,3%, қызылша 15,2% қымбаттаған.

Керісінше, қарақұмық жармасы жылдық мәнде – 20,4%, сәбіз – 6,6%, күріш – 5,7%, жұмыртқа 5,3% арзандаған.

Бұған дейін Қазақстанда жұмыс уақыты қалай реттелетіндігі және үстеме жұмысқа ақы қалай төленетіндігі жайлы хабарланған болатын.