Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды


19:25, 18 қараша 2025

Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Тиісті Жарлыққа 2025 жылы 18 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Ұлдана Қалдарханқызы Мырзуан (марқұм) «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды», делінген Ақорда жариялаған Жарлықта.