14:20, 3 наурыз 2025
Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде есірткі заттарын сақтаудың екі фактісін анықтап, 4 келіден астам марихуана тәркіледі.
Мәселен, полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданында Audi автокөлігінің жүргізушісін ұстады.
Тексеру кезінде көліктің салонынан есірткі заты бар 3 полиэтилен пакетін тапты.
Алынған заттың жалпы салмағы 3 келіден астам марихуана болып шықты.
Сондай-ақ жедел уәкілдер Сайрам ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде өсімдік тектес есірткі заты бар 4 полиэтилен орамасын тәркіледі.
Алынған есірткінің салмағы шамамен 1 келі марихуана екені расталды. Қазіргі уақытта есірткі заттарын заңсыз сақтау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктілер полицияға жеткізілді. Барлық мән-жай анықталады.






Leave a Reply