Жамбыл облысында мас күйде көлік басқарған шетелдік 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды


12:19, 3 наурыз 2025

Патрульдік полиция қызметкерлері Меркі — Шу — Бурылбайтал тасжолының бойында күдік тудырған DAF автокөлігін тоқтатты.

Полиция қызметкерлері тексеру барысында көлікті басқарған 31 жастағы өзбекстандық азаматтың масаң күйде екенін байқады.

Медициналық сараптама жүргізушінің «орташа дәрежеде» масаң күйде болғанын растады.

Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлімі бойынша сот шешімімен 15 тәулікке бас бостандығынан және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.