09:57, 17 қараша 2025
Германияның Нойс қаласындағы Felzmann аукцион үйі Холокост құрбандарына тиесілі 632 құжат пен затты сатпақ болған. Бұл шешім Аушвиц халықаралық комитетінің (IAK) сын-пікіріне себеп болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Deutschlandfunk басылымы жазғандай, сатылымға қойылған заттардың арасында «Террор жүйесі. II том» деп аталатын құжаттар жинағы да бар. Онда концлагерь тұтқындарының хаттары, сондай-ақ нацистік қылмыскерлерге қатысты материалдар қамтылған.
«Холокостқа байланысты құжаттар – құрбандардың отбасыларына тиесілі. Олар музей экспозицияларына немесе еске алу көрмелеріне өткізілуі керек, тауарға айналмауы тиіс», – деп мәлімдеді IAK вице-төрағасы Кристоф Хойбнер.
Оның айтуынша, бұл аукцион – «арсыз шара». Хойбнер Felzmann аукцион үйін сауданы тоқтатып, «адамдық қарым-қатынас пен құрмет танытуға» шақырды.
Бұған дейін Мәскеуде тоғаннан 7-10 жас аралығындағы баланың бөлшектелген денесі табылғанын жазғанбыз.






Leave a Reply