Тоқаев пен Мирзиеев қандай құжаттарға қол қойды


13:23, 15 қараша 2025

Президенттер келіссөздердің және Қазақстан мен Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев келесі құжаттарға қол қойды:

1. Жоғары мемлекетаралық кеңестің Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы өңірлері басшыларының кеңесін құру туралы шешімі;

2. Жоғары мемлекетаралық кеңестің геология және сирек кездесетін металдарды өндіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешімі;

3. Жоғары мемлекетаралық кеңестің трансшекаралық өзендердің су деңгейін болжау бойынша екіжақты жұмыс тобын құру туралы шешімі;

Сондай-ақ мемлекеттер басшыларының қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтті.

Еске салайық, бұған дейін президент Шавкат Мирзиеев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Олий Даражали Дустлик» («Жоғары дәрежелі достық») орденімен марапаттаған еді.