18:52, 13 қараша 2025
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының спортшысы Кирилл Герасименко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалі үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жартылай финалда қазақстандық спортшы Алжир өкілі Булусса Мехдиді сенімді жеңді. Матч 4:0 есебімен (11:7, 11:6, 13:11, 11:3) Герасименконың пайдасына аяқталды.
Финалда біздің қандасымыз мысырлық Омар Ассармен кездеседі. Ерлер арасындағы жекелей сындағы шешуші ойын 13 қарашада өтеді. Матч Астана уақытымен сағат 22:15-те басталады.






Leave a Reply