Еліміздің екі өңірінде бірнеше жол учаскесі жабылды


09:56, 2 наурыз 2025

2025 жылғы 2 наурыз сағат 09:30-дағы жағдай бойынша екі облыстағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 206 арнайы техника мен 376 маман жұмылдырылды.

Ақтөбе облысы:

  • «РФ шекарасы — Мартөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» тас жолының 776-1240 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы — Қызылорда облысының шекарасы).
  • «Ақтөбе-Қандыағаш-Доссор-Атырау-РФ шекарасы» тас жолының 14-104 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ақтөбе қаласы — Қандыағаш қаласы);

Қызылорда облысы:

«РФ шекарасы — Мартөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» тас жолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Арал қаласы).

Жолды 2025 жылғы 2 наурызда сағат 13:00-де ашу жоспарланған.

Бұған дейін синоптиктер 2 наурызда кей өңірлерде қалың қар жауып, 22 градусқа дейін аяз болатынын ескерткен.