Энергетика вице-министрі қызметінен кетті


18:16, 11 қараша 2025

Құдайберген Арымбек энергетика вице-министрі қызметінен кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі 2025 жылғы 11 қарашада мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Құдайберген Берікұлы Арымбек берген өтінішіне сәйкес энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.