Алматыда Оңғарсынова көшесі екі күнге жабылады


18:06, 11 қараша 2025

Алматыда Ф. Оңғарсынова көшесінде көлік қозғалысы екі күнге шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz Almaty_Joly Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты уақытша қозғалыс шектеуі енгізіледі:

«12 қараша күні сағат 13:00-ден бастап 13 қараша сағат 23:00-ге дейін қозғалыс Мөңке би көшесінен Т. Рысқұлов даңғылына дейінгі аралықта жабылады», — делінген хабарламада.

Жөндеу жүріп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады.

Көлік жүргізушілеріне жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлау ескертілді.