23:15, 9 қараша 2025
Қазақстан жүзуден Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин топ жарды — 23.85.
Қазақстандық Максим Сказобцов екінші орынға көтерілді — 23.87. Қола жүлдені Абдельрахман Эльсайед (Мысыр) жеңіп алды — 23.90.
Айта кетейік, осы қашықтықта бұған дейін Софья Сподаренко алтыннан алқа таққан еді.






Leave a Reply