13:44, 9 қараша 2025
2025 жылғы 8 қарашада Атырау әуежайында «Атырау – Алматы» рейсіне тіркелу кезінде ер адам қол жүгінде жарылғыш құрылғысы барын айтып, жұртты дүрліктірген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ер адамнің өтірік айтқаны белгілі болды.
Аталған факті бойынша Көліктегі ПД ҚР ҚК-нің 273-бабы, яғни «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жәбірленушілер мен зардап шеккендер жоқ, әуежайдың жұмысы штаттық режимде жүзеге асырылуда, деп нақтылады ведомстводан.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де мәліметтері жария етуге жатпайды.
Бұған дейін Ақтау әуежайында ірі есірткі партиясымен бірге ер адамның ұсталғаны хабарланған.






Leave a Reply