20:45, 28 ақпан 2025
2025 жылғы 28 ақпанында Ақтөбедегі тау-кен байыту комбинатының шахтасында төтенше жағдай болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазхром» ТҰК» АҚ Дөң тау-кен байыту комбинатында сутегі бөлінген, бірақ ештеңе опырылмаған.
Күйік шалған төрт адам ауруханаға жеткізілді.
«Полиция тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», — деп хабарлады полиция.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Дөң тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» кенішінде бұрғылау жұмыстары кезінде қысқа мерзімді ауаның тұтануы орын алғанын хабарлады.






Leave a Reply