Қарағанды облысында адасып кеткен туристер дронның көмегімен табылды


22:58, 4 қараша 2025

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында «Шахтёр» демалыс үйінің маңында әйел мен ер адам тауға серуендеуге шығып, қайта кері орала алмаған. Адасқан туристерді іздестіру үшін оқиға орнына ТЖМ-ның құтқару жасағы аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ іздестіру тобы дронның көмегімен туристерді демалыс үйінен шамамен 2,5 шақырым қашықтықтан тапты.

«Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Қос турист қауіпсіз жерге жеткізілді», делінген хабарламада.

ТЖМ еске салады: орманға немесе тауға шыққанда өзіңізбен бірге қуаты толық телефон, су және азық-түлік қорын алыңыз. Жақындарыңызға бағытыңызды алдын ала хабарлаңыз және қараңғы уақытта жолға шықпаңыз!

Бұған дейін Абай облысында 11 жасар қыз іздестіріліп жатқаны хабарланған.