Алматы зообағы қала тұрғындары мен қонақтарына жүгінді


16:25, 3 қараша 2025

Алматы хайуанаттар бағында тарихи сәт орын алды. Осыған орай, зообақ қызметкерлері желі арқылы азаматтарға жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы жаңалық – Алматы зообағына – 88 жыл!

«Алматы хайуанаттар бағының 88 жылдығына орай барша қала тұрғындарын ізгі шараға қатысуға шақырамыз —жануарларға сыйлық сыйлаңыз! Акция аясында көкөністер мен жемістер қабылданады: алма, сәбіз, қырыққабат, асқабақ, қарбыз және басқа да өнімдер.Жиналған барлық тағамдар біздің жануарларға беріледі! Күні: 7 қараша. Орны: орталық кіреберіс, фотозонаның қасында»,- делінген ақпаратта.

Ал, екінші ақжолтай хабар – дүниеге келген екі шөнжік. Осыған орай, мамандар азаматтарды жаңа тіршілік иесіне есім беруде атсалысуға шақырды.

Сурет: Instagram/almatyzoo

Бұған дейін Атыраулық жас электриктің қалай Қайрат Нұртастың сенімді серігіне айналғанын жазғанбыз.