16:13, 28 ақпан 2025
2025 жылдың 28 ақпанында Сенат отырысында Білім бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева Қазақстанда TikTok шектеу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Спикер зиянды контенттің балаларға тигізетін әсеріне тоқталды.
«Заңдылық аясында біз мұндай бастамаларды (Қазақстандағы TikTok-ты шектеу туралы. – Ред.) міндетті түрде қолдайтын боламыз», – деді Наталья Жұмаділдаева.
Ол сондай-ақ бұл әлеуметтік желі ойлап табылған Қытайда экранды көру уақыты күніне 40 минутты құрайтынын және мазмұнға шектеу бар екенін атап өтті: бала тек білім беру және дамыту контентін көре алады.
2025 жылдың 19 ақпанында депутат Жанарбек Әшімжан TikTok әлеуметтік желісін атом бомбасына теңеп, Қазақстанда оған шектеу қоюды ұсынды.






Leave a Reply