10:33, 3 қараша 2025
Алматы облысы әкімдігі мен мәслихатының 2025 жылғы 21 қазандағы бірлескен қаулысы бойынша Қонаев қаласындағы атаусыз көшелерге ресми атаулар берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаладағы бірнеше көшеге төмендегідей атаулар берілді:
- Атаусыз көше (1-сызық) – «Әбдіқадыр Нұрмағанбетов көшесі»;
- Атаусыз көше (2-сызық) – «Ақбай Әлібаев көшесі»;
- Атаусыз көше (3-сызық) – «Жақыпжан Шарипов көшесі»;
- Атаусыз көше (4-сызық) – «Сүндетбай Балқашев көшесі»;
- Атаусыз көше (6-сызық) – «Жұмабек Жақыпов көшесі»;
- Атаусыз көше (8-сызық) – «Әукен Жылқыбаев көшесі».
Бірлескен қаулы мен шешім 2025 жылғы 9 қарашадан бастап күшіне енеді.






Leave a Reply