Қазақстанда беларусь блогері ұйымдастырған конкурс бақылауға алынды


11:02, 3 қараша 2025

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ел аумағында онлайн-казино қызметі мен жарнамасына тыйым салынғанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттіктің жазуынша, соңғы уақытта Mellstroy game онлайн-казиносы атап өтілетін беларусь блогері Mellstroy ұйымдастырған конкурсқа қазақстандықтардың қызығушылығы артып келеді.

«Кей азаматтар блогердің назарын аудару үшін теріс әрекеттерге де барады.Құрметті қазақстандықтар, ескертеміз — құмар ойындары – тұзақ. Күмәнді акцияларға алданып қалмаңыздар және онлайн-казино жарнамалағаны үшін айыппұл салынатынын ұмытпаңыздар!»,- деп ескертті ведомство.

Бұған дейін Алматы облысының әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болғанын жазғанбыз.