3 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды


15:59, 2 қараша 2025

«Қазгидромет» 2025 жылдың 3 қарашасына арналған Қазақстан аумағындағы жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік өңірлерде жауын-шашын мол түсіп, негізінен қар жауады.

Тек республиканың батысы мен оңтүстік-шығысында ғана күн жауын-шашынсыз өтеді.

Ел бойынша желдің күшеюі, тұман және солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс пен орталық аймақтарда көктайғақ күтіледі.

Батыс пен шығыс өңірлерде, Жамбыл облысының орталығы мен батысында, Алматы облысының батысында, сондай-ақ Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары болады.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігі, батысы мен шөлді аймақтарында, Жамбыл мен Алматы облыстарының солтүстігінде төтенше өрт қаупі болжануда.