«ҚазАвтоЖол» көлік жүргізушілеріне ауа райына байланысты ескерту жасады


14:43, 2 қараша 2025

«ҚазАвтоЖол» ҰК акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысындағы тұманға байланысты жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның баспасөз қызмет таратқан мәліметтерге қарағанда, Батыс Қазақстан облысында 2 қарашадан 3 қарашаға қараған түні және таңертең, сондай-ақ 3 қарашада түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал.

Сонымен қатар Оралда бүгін түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Осыған байланысты компанияжүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтап, ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауға үндеді.

Еске салайық, бұған дейін Астанада ауа райының күрт өзгеруіне байланысты полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізушілерге ерекше сақ болуды ескерткен еді.