14:21, 2 қараша 2025
Қазақстан атынан Дана Алмасова Бангкокта өтетін Miss Universe халықаралық сұлулық байқауына қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат Miss Qazaqstan-ның ресми парақшасында жарияланды.
«Кеше біз Дана Алмасованы Бангкокта өтетін Miss Universe 2025 байқауына шығарып салдық. 19 қарашаға дейін Дана тығыз дайындық кезеңінен өтеді — жаттығулар, репетициялар және жарқын оқиғалар. Олардың бәрін біз осы жерден бөлісетін боламыз «, — делінген жазбада.
Айта кетейік, 74-ші Miss Universe байқауына әлемнің 125-тен астам елдің өкілі қатысады. Салтанатты ашылу рәсімі 19 қарашада ұлттық костюмдер көрсетілімінен басталып, 21 қараша күні финалдық кезеңмен аяқталады.
Дана Алмасова – Қостанай қаласының тумасы, жасы 20-да.





Leave a Reply