Қазақстандық бес дзюдошы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалына шықты


19:40, 29 қазан 2025

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында дзюдодан Қазақстан құрамасының бес өкілі алтын медаль үшін күреседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалға шыққан спортшылар тізімі:

50 келіге дейін: Әділжан Нұрбекен

55 келіге дейін: Аслан Ерғалиев

48 келіге дейін: Алуа Балтабай

66 келіге дейін: Бекәлі Еркен

52 келіге дейін: Фатима Сұпығалиева

Ал Інжу Сахабадин (44 келіге дейін) мен Әдия Жанахмет (40 келіге дейін) қола жүлде үшін белдеседі.