Әсет Ерғалиев жаңа қызметке тағайындалды


11:50, 28 ақпан 2025

Әсет Ерғалиев бұрынғы қызметінен босатылып, жаңа лауазымға тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметіне келгендігі белгілі болды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды»,- делінген құжатта.