«Елімай» құрамасы УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алды


11:49, 27 қазан 2025

2025 жылғы 27 қазанда «Елімай» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турында өз алаңында «Атырау» командасымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Семейлік футболшылар қарсыласын 3:2 есебімен жеңіп, биылғы маусымды төртінші орынмен түйіндеді. Бұл нәтиже командаға келесі маусымда УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде ойнауға мүмкіндік береді.

Айта кетсек, 2022 жылы қайта құрылған «Елімай» аз ғана уақыт ішінде ел футболының басты командаларының біріне айналды. 2023 жылғы маусымда команда Бірінші лигада бірде-бір жеңіліссіз чемпион атанып, 2024 жылы Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралды.

Өз кезегінде футболшыларды өңір басшысы Берік Уәли тарихи жеңісімен құттықтады.

Бұған дейін «Қайрат» құрамасы «Астанамен» тең ойнап, Қазақстан чемпионы атағын қорғап қалғанын жазғанбыз.