Абзал Нүкенов Президент Әкімшілігіндегі лауазымынан босатылды


11:15, 27 қазан 2025

Абзал Нүкенов ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 27 қазанда Ақорда таратқан мәлімдемеден белгілі болды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды»,- делінген ақпаратта.