10:11, 27 қазан 2025
Бахрейнде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары өз мәресіне жақындап қалды. Кезекті жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте өз позициясын айтарлықтай жақсартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, қазіргі медаль кестесі төмендегідей:
- Қытай – 34 алтын, 24 күміс, 11 қола;
- Өзбекстан – 14 алтын, 5 күміс, 9 қола;
- Тайланд – 13 алтын, 12 күміс, 5 қола;
- Қазақстан – 9 алтын, 8 күміс, 18 қола.
Осылайша, қазақстандық спортшылар Азия ойындарында жоғары нәтиже көрсетіп, үздік бестіктің қатарына енді.
Бұған дейін Евгений Васенкиннің таеквондодан жасөспірімдер Азиадасының алтын жүлдегері атанғанын жазғанбыз.






Leave a Reply