Велошабандоз Анель Ташбай жасөспірімдер Азиадасында алтын медаль жеңіп алды


13:56, 26 қазан 2025

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Анель Ташбай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына бесінші алтын медаль салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ташбай жекелей уақытқа жарыста топ жарды. Спортшы қашықтықты 17:06.05 уақытта жүріп өтті.

Күміс жүлдені қытайлық Аофэй Син (17:25.08) иеленсе, қола медаль Чин Лоуға (Гонконг) бұйырды (17:40.41).

Осылайша, ұлттық құрама қоржынында бес алтын медаль бар.