11:56, 27 ақпан 2025
Болгария астанасы Софияда «Кіші әлем чемпионаты» өтіп жатыр. Қазақстандық боксшы Ұлдана Таубай рингке шығып, жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
1/8 финалда 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Таубай Түркияның өкілі Берфин Кабакпен бақ сынасты.
Қазақ қызы төрешілердің бірауыздан шешімімен жекпе-жекте жеңіліс тапты. Екінші раундта Ұлдана екі рет нокдаунға кетті.
Бұған дейін Халықаралық олимпиада комитетінің World Boxing федерациясын уақытша мойындағаны хабарланған болатын.






Leave a Reply