13:59, 24 қазан 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Егемендігі туралы декларацияның 35 жылдығын атап өтті.
Ол бұл тарихи құжаттың ел тарихында ерекше орын алатынын, азаматтық сана-сезімнің мызғымас негізі екенін атап көрсетті.
«Көптеген елдердің тарихына қарасақ, мұндай құжаттар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ғасырлар бойы сақталады. Егемендік туралы декларация – мемлекеттігіміздің берік арқауы, халқымыздың жарқын болашаққа ұмтылысының айқын көрінісі», – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев егемендіктің алғашқы күнінен бастап мемлекеттілікті нығайту мен халықтың әл-ауқатын арттыруға басымдық берілгенін жеткізді. Сонымен қатар, ол адал және бәсекеге қабілетті азаматтарды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
«Еңбек – берекенің бастауы. Біз жұмысшы мамандарды қадірлейтін, құрметтейтін қоғам құруымыз керек», – деді Президент.






Leave a Reply